Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде CОVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмін сақтауды;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібін сақтауды;
10) халық арасында COVID-19 профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді;
11) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайларын сақтауды.
2. Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың халықтың көп жиналарын орындарында, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалануын ұсынсын.
3. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған кезде және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырсын.
5. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
1) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді;
2) барлық медициналық ұйымдарда медицина персоналының, қызметкерлердің, келушілердің, пациенттердің медициналық маска киіп жүруін;
3) барлық босандыру және балалар медициналық ұйымдарында ЖРВИ, тұмау, COVID-19 коронавирус инфекциясы белгілері бар жүкті әйелдерді, босанатын, босанған әйелдерді және балаларды емдеуге жатқызу үшін мамандандырылған бөлімше ұйымдастыруды;
4) босандыру және балалар медициналық ұйымдарына COVID-19 клиникалық белгілері бар жүкті әйелдер, балалар шұғыл жүгінген кезде медицина қызметкерлерінің, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың медициналық көмек көрсетуі үшін мамандандырылған бөлімшелерге емдеуге жатқызылады;
5) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді;
6) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды;
7) іс-әрекеттері COVID-19-ға күдікті науқастарды қарап-тексерумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тиісті қорғаныш деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды;
8) денсаулық сақтау ұйымдары үшін СОVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық көріністері, диагностикасы, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау жөнінде семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді;
9) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамти отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалану жөнінде нұсқама жүргізуді;
10) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды;
11) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарға Үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат (бұдан әрі - қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды;
12) осы қаулыға 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес санаттарға жататын адамдарды медициналық бақылауды және зертханалық тексеруді;
13) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 12 сағат ішінде CОVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «CОVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама беруді қамтамасыз етсін.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары:
1) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды;
2) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;
3) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді;
4) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
5) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді;
6) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, сырқаттанушылық бойынша ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті;
7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін хабардар етуді қамтамасыз етсін.
7. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ҚДСҰО), «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан зертханалар
1) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді ұйымдастыруды және осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды;
2) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығының 8-тарауына сәйкес COVID-19-дың диагностикасына арналған зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
8. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
1) әлем елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тәулік бойғы мониторингін;
2) Денсаулық сақтау министрлігіне және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ай сайын ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының жаңартылған болжамын ұсынуды;
3) COVID-19-дың расталған жағдайларын, ҚР шекарасынан кесіп өтетін адамдар санын мониторингілеуді;
4) халықаралық ұсынымдарға сәйкес (ДДҰ, CDC) COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО) филиалының зертхана мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;
5) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат);
6) күн сайын сағат 8-00-ге қарай Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне өткен тәуліктегі және өсу ретімен өңірлер бөлінісінде тіркелген COVID-19 жағдайларының саны туралы статистикалық деректерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
9. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
1) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың азаймайтын қорын;
2) ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді;
3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді;
4) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-мен жеткілікті мөлшерде;
5) COVID-19-ға зерттеуге арналған материалдың үлгілерін өтініштің мақсаты (өздігінен жүгіну, әкелу, профилактикалық тексеру (скрининг) және басқасы) көрсетілген ілеспе құжатпен қабылдауды қамтамасыз етсін.
10. ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертханасы COVID-19 коронавирустық инфекциясын бақылау жөніндегі референс зертхана болып уақытша айқындалсын.
11. Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды.
Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды.
Бұл ретте, шектеу шараларын күшейту 5 күн ішінде эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 5 күннен ерте емес уақытта жүргізіледі.
12. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде және бекітілген контингент арасында карантиндік шараларды қатаңдату/жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ведомствосы қабылдайды.
13. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулының және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысының 2-тармақтың күші жойылды деп саналсын.
14. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
15. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері |
А. Есмағамбетова |
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
1-қосымша
Медицина қызметкерлерінің СOVID-19-ды жұқтыруын болдырмау
мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі
1-бөлім. Инфекциялық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі.
І. Инфекциялық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу:
1. Инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.
2. «Таза» аймаққа мыналар жатады:
1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;
2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс;
3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;
4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар.
3. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.
4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет:
1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;
2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет;
3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс;
4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс;
5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.
5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет.
6. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т.б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі.
Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.
7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.
8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. Лас аймақтағы персонал осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ жұмыс істеуі тиіс.
10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.
11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі:
1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу;
2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады;
3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді;
4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді.
12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс.
13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді.
14. Инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі.
15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі.
16. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
ІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлардың жұмыс режимі:
17. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет.
18. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті әлеуетті инфекцияланған (инфекция көзі) ретінде қарауға және осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға тиіс.
19. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс.
20. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет.
21. COVID-19-ға күдікті науқастарға немесе адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздікті бұзу фактілері анықталған жағдайда (көрсетілетін медициналық көмек түрінде ЖҚҚ қорғау деңгейін пайдаланбау немесе сәйкес келмеуі) медицина қызметкеріне респираторлық симптомдардың болуына немесе температураның көтерілуіне 10 тәулік ішінде күнделікті бақылау белгіленеді. Респираторлық симптомдар пайда болғанда немесе температура көтерілгенде медицина қызметкері дереу оқшауланады және емделуге жіберіледі. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда бақылау аяқталады.
Жеке қорғанудың барлық шаралары сақталған кезде науқасқа немесе COVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.
22. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және басқа эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар) қамтамасыз ету қажет.
23. Медициналық ұйымдар ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
24. Инфекциялық стационарлардың басшылары жұмыс істейтін басқа персоналда респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін жасауы тиіс.
25. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
26. Медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практика басталар алдында осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуге тиіс.
2-бөлім. Инфекциялық емес бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға
бөлу және олардың жұмыс режимі
27. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
28. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайға оқшаулауға арналған бөлімшені немесе изоляторды көздеу қажет.
29. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
30. Персонал лас аймақта осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.
31. Емдеуге жатқызуға түскен кезде адамдар осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге жатады.
32. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттер жеке палатада орналастырыла отырып, оларға қажетті медициналық көмектің көлемі көрсетіледі. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
33. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет.
34. Пациенттердің бөлімшелер арасында (пациентті медициналық көрсеткіштер бойынша ауыстыру жағдайларын қоспағанда) жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттер бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда маскаларды пайдалануға міндетті.
35. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау.
36. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету.
37. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.
38. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.
39. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
3-бөлім. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын аймақтарға
бөлу және жұмыс тәртібі
Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.
40. «Лас» аймаққа мыналар жатады:
1) сүзгі;
2) изолятор.
41. «Таза» аймаққа МСАК-тың қалған барлық үй-жайлары жатады.
42. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
43. МСАК ұйымына кіреберісте сүзгінің орналасқан орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады.
44. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады.
45. Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе инфекциялық стационарға жатқызылады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
2-қосымша
COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын
пайдалану алгоритмі
Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет.
Медициналық ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет.
Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы қажет.
Бір рет қолданылатын және көп рет қолданылатын ЖҚҚ пайдалануға жол беріледі. Пайдаланғаннан кейін бір рет қолданылатын ЖҚҚ кәдеге жаратуға жатады. Әрбір пайдаланудан кейін көп рет қолданылатын ЖҚҚ-ны өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес зарарсыздандыру қажет.
ЖҚҚ жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет.
ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).
1-кесте
Қорғаныш деңгейі |
ЖҚҚ компоненттері |
1-қорғаныш (барынша аз) |
Медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты респиратор (N95 немесе FFP3) немесе бір рет қолданылатын медициналық маска Мата материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламы бар халат Нитрил/латекс қолғаптар |
2-қорғаныш (орташа) |
Медициналық бас киім N95 немесе FFP3 респираторы Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламы бар халат немесе капюшоны бар қорғаныш комбинезоны Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауыстыратын жұмыс аяқ киімі |
3-қорғаныш (барынша жоғары) |
Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты ауаны мәжбүрлеп беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе N99, FFP3 типті респираторлар Капюшоны бар қорғаныш комбинезоны немесе жеңі ұзын және арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырауы қаупі кезінде алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан тігілген ауыстыратын жұмыс аяқ киімі |
№ 2 қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тапшы болған жағдайда медициналық маскаларды пайдалануға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады.
Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFP3 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша пайдалануға рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді.
Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.
Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады.
СОVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты болады (2-кесте).
2-кесте
COVID-19 инфекциясы кезінде жағдайларға,
персонал және қызмет түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау
жөніндегі ұсынымдар
Байланыста болу шарттары |
Медицина персоналы немесе пациенттер |
Қызмет түрі |
Ұсынылатын ЖҚҚ түрі |
Амбулаториялық мекемелер |
|||
Науқастарды медициналық ұйымдарда сұрыптау (емхана алдында немесе оған кіреберісте физикалық кедергілер орнату (мысалы, шыны немесе пластик терезелер) |
Медицина қызметкерлері |
Тікелей байланыссыз алдын ала скрининг |
Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. ЖҚҚ: қалауынша медициналық бас киім Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Ауысымды жұмыс аяқ киімі Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет |
Пациенттер |
Кез келген |
1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау. Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса. |
|
Дәрігердің қабылдау бөлмесі (консультация беру кабинеті, «сүзгі» кабинеті) |
Медицина қызметкерлері |
Респираторлық белгілері бар және/немесе COVID-19 күдігі бар пациентті медициналық тексеру |
Медициналық бас киім Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3 Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Дәрігердің қабылдау бөлмесі (консультация беру кабинеті) |
Медицина қызметкерлері |
Респираторлық белгілері жоқ және/немесе COVID-19 күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру |
ЖҚҚ: қалауы бойынша медициналық бас киім Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Қауіпті бағалауға сәйкес тексеру және/немесе медициналық манипуляция жүргізу кезінде нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан тігілген ауысымды жұмыс аяқ киімі |
|
Кіші медицина персоналы |
|
ЖҚҚ: қалауы бойынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тығыз қолғап (шаруашылықта қолданатын резеңке) Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі * Сүзгі кабинетінде және пациентті сұрыптау аймағында жұмыс істеу кезінде бетке арналған қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет. Ұзын жеңді және байламы бар мата емес материалдан тігілген халат |
Әкімшілік үй-жайлар |
Медициналық ұйымның қызметкерлері |
Пациенттер болмайтын аймақ |
Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Үй ошағы |
Медицина қызметкерлері |
Пациентті медициналық тексеру |
Медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан жасалған халат Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында халатты міндетті түрде ауыстыру қажет |
Медицина қызметкерлері |
Байланыста болғандардан немесе науқастан ПТР-ға үлгіні іріктеу |
Медициналық бас киім (қалауынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны * Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында халатты міндетті түрде ауыстыру қажет |
|
Пациенттер |
Медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде |
Кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау. Медициналық маска, егер ол оны қолдана алса |
|
COVID-19-ға күдікті, ықтимал және расталған жағдайлары бар пациенттерді емдеуге жатқызуға арналған медициналық ұйымдар |
|||
Пациент палатасы |
Медицина қызметкерлері |
CОVID-19-ға күдікті немесе расталған науқастарға тікелей медициналық көмек көрсету. |
Медициналық бас киім Респиратор N95 немесе FFP3 Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Егер халат сұйықтықтардың шашырауына төзімді болмаса, алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан тігілген ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкерлері |
Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, трахеостомия, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) және қарқынды терапия бөлімшесі |
Медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты бар болса ауаны мәжбүрлеп беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе N99, FFP3 типті респираторлар Жұмыс киімі (медициналық костюм) Капюшоны бар суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
|
Пациенттер |
Кез келген |
Егер ол оны пайдалана алатын болса пациентке медициналық маска беру |
|
|
Кіші медицина персоналы |
COVID-19 науқас палатасына кіру |
Медициналық бас киім N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Егер халат сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет. Тығыз резеңке қолғап (шаруашылыққа арналған) Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі * Техникалық персонал тазалау кезінде палаталар арасында қолғап пен халатты ауыстыруы керек |
COVID-19 күдікті немесе расталған жағдайы бар пациенттерге хирургиялық және акушерлік көмек көрсету кезінде |
Медицина персоналы |
Операция және босандыру блогы |
Медициналық бас киім Бар болған кезде мәжбүрлі ауа беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе тәуекел дәрежесіне байланысты клапансыз N95, FFP2, N99, FFP3 типті респираторлар Жұмыс киімі (медициналық костюм) Капюшоны бар суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныштық көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Операциялық алаңның стерильділігінің бұзылуына байланысты клапанды респираторларды пайдалану ұсынылмайды. |
Науқастарды тасымалдау |
Медицина қызметкерлері |
Стационар ішінде (мысалы КТИ, ФГ және т.б. үшін тасымалдау) |
Медициналық бас киім (қалауынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациент |
Егер ол оны қолдана алса, медициналық маска беру Мүмкіндігінше 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау |
||
Зертхана, медициналық ұйымдар |
Медицина қызметкерлері |
Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін сынамалар іріктеу |
Медициналық бас киім Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Нитрил / латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады |
Таза аймақ Пациенттер жоқ әкімшілік аймақ |
Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы техникалық персонал |
Пациенттің күтіміне байланысты емес кез келген |
Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Инфекциялық емес стационарлар |
|||
Науқастарды стационарға кіреберісте қабылдау бөліміне дейін сұрыптауды ұйымдастыру, сұрыптаудың медицина персоналын ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету, физикалық кедергілерді (мысалы, шыны немесе пластикалық терезелер) орнату және кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау ұсынылады. ЖҚҚ: қалауы бойынша медициналық бас киім. Медициналық маска. Жұмыс киімі, Ауысымдық жұмыс аяқ киімі. Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныш көзілдірікті немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет |
|||
Респираторлық инфекция белгілері бар науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі |
Медицина қызметкерлері |
Респираторлық симптомдары бар пациентті медициналық тексеру |
Медициналық бас киім Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3 Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Нитрил/ латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациенттер |
Кез келген |
Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса |
|
Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі |
Медицина қызметкерлері |
Медициналық қарап-тексеру |
Қалауы бойынша медициналық бас киім Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латексті қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациент палатасы |
Медицина қызметкері |
Пневмониясы бар немесе COVID-19 жоққа шығармайтын науқастарға медициналық көмек көрсету Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, кеңірдектің қабынуы, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) |
Медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты респиратор N95 немесе FFP3 Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат немесе капюшоны бар қорғаныш комбинезон Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкері |
Респираторлық симптомдары жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру және күту |
Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. Қалауы бойынша медициналық бас киім Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан тігілген ауысымды жұмыс аяқ киімі |
|
Кіші медицина персоналы |
|
Респираторлық белгілері бар пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды жинау кезінде ЖҚҚ инфекциялық стационарларда да осыған ұқсас қолданылады Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19 күдігі жоқ пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды тазалау кезінде: қалауы бойынша медициналық қалпақ пайдаланылады Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
|
Зертхана, медициналық ұйымдар |
Медицина қызметкерлері |
Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеуге сынама алу |
Медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген бір рет қолданылатын халат Нитрил/ латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады |
Әкімшілік үй-жайлар |
Медицина қызметкерлерін қоса алғанда, барлық персонал. |
COVID-19 науқастарымен байланыс жасауды көздемейтін әкімшілік іс-шаралар |
Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Шекараны кесіп өту пункттері (кіру-шығу) |
|||
Әкімшілік үй-жайлар |
Барлық персонал |
Кез келген |
ЖҚҚ: медициналық маска және қолға арналған антисептиктер |
Скринингке арналған үй-жай |
Персонал, СКП қызметкерлері |
Тікелей байланыссыз бірінші скрининг (температураны өлшеу) |
Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. ЖҚҚ: Медициналық маска Физикалық кедергіні (пластикалық немесе шыны қалқалар) пайдалану ұсынылады Физикалық кедергілер болмаған кезде қорғаныш көзілдірігін немесе бетке арналған қорғаныш қалқанын пайдалану қажет Қол антисептиктерін қолдану |
Медицина қызметкерлері, Персонал |
Екінші скрининг (яғни, температурасы бар пациенттерден COVID-19 инфекциясын және сапардың анамнезін көрсететін клиникалық симптомдардың болуы туралы сұрау) |
Медициналық маска Пациентпен тікелей байланыс кезінде мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Пациентпен тікелей байланыс кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
|
Техникалық персонал (жинау) |
Температурасы бар жолаушылар скринингі үй-жайларын (санитариялық үй-жайларды) жинау |
Медициналық маска Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қаупі болғанда). Тығыз қолғап Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім |
|
Уақытша оқшаулау үй-жайы |
Персонал |
Оқшаулау үй-жайы және қажет болған жағдайда жолаушыға медициналық ұйымға тасымалдау үшін көмек көрсету |
Медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска Пациентпен тікелей байланыста болған кезде ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар мата емес материалдан тігілген халат Пациентпен тікелей байланыста болған кезде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған жұмыс аяқ киімі |
Техникалық персонал |
Оқшаулауға арналған үй-жайларды жинау |
ЖҚҚ: Медициналық маска Бір рет қолданылатын мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қаупі болғанда). Тығыз қолғап Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім |
|
Медициналық ұйымдардағы жедел жәрдем машинасы немесе көлік құралы |
Медицина қызметкерлері |
COVID-19-ға күдікті пациенттерді тасымалдау |
Қалауы бойынша медициналық бас киім Респиратор N95 немесе FFP3 Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкерлері |
Респираторлық инфекция белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ пациенттерді тасымалдау |
ЖҚҚ: Қалауы бойынша медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты нитрил/латекс қолғаптар Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
|
Жүргізуші |
Жүргізуші кабинасын COVID-19 пациенттен оқшаулау жағдайында CОVID-19 инфекциясына күдікті пациентті тасымалдауды жүзеге асыруға ғана қатысатын |
Кем дегенде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска |
|
COVID-19 инфекциясына күдікті науқасты отырғызу және түсіруге көмек көрсету |
Медициналық маска Мата емес материалдан тігілген ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
||
COVID-19 күдікті пациентпен тікелей байланыс болмаған жағдайда, бірақ жүргізуші кабинасын пациент үй-жайынан оқшаулау жоқ. |
Медициналық маска |
||
COVID-19 инфекциясына күдікті науқас |
Медициналық ұйымдарға тасымалдау |
ЖҚҚ: егер пациент оны пайдалана алса, медициналық маска |
|
Техникалық персонал |
СОVID-19-ға күдікті пациенттерді тасымалдаудан кейін және тасымалдау арасында жинау |
N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Мата емес материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі |
|
Карантиндік стационардың үй-жайы |
Қызметкерлер, пациенттер |
Кез келген |
Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
COVID-19 ошақтарын эпидемиологиялық тергеп-тексеру |
|||
Үй ошағы, ұйымдасқан ұжымдағы ошақ |
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары |
Эпидемиологиялық тергеп-тексеру (науқас пен байланыста болғандарға сауал жүргізу, оқшаулау мүмкіндігін бағалау, байланыста болғандар шеңберін айқындау, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) |
ЖҚҚ: медициналық маска, қолға арналған нитрил/латекс қолғаптар мен антисептиктер. Кемінде 1,5 м әлеуметтік қашықтықты сақтау Медициналық ұйымға және зертханаға барған кезде ЖҚҚ баратын ұйымның тәртібі бойынша қолданылады |
Жеке қорғаныш құралдарын кию және шешу тәртібі
І. ЖҚҚ-ға қойылатын жалпы талаптар
ЖҚҚ пайдалану орнына жақын таза аймақта орналасуы тиіс, ластануды болдырмау үшін таза, құрғақ жерде қауіпсіз сақталады.
Үй ошағына барған кезде ЖҚҚ қолданар алдында оны таза контейнерде тасымалдау керек. Үй ошағында пайдаланғаннан кейін шығатын жерде шешіледі және В сыныбындағы қалдықтарға арналған сары пакетке салынады.
Егер өндіруші көрсетпесе немесе көп рет пайдалану үшін келісілмесе, ЖҚҚ-ы бір рет пайдаланылады.
ЖҚҚ әр пациенттен кейін және/немесе процедура немесе медициналық манипуляция аяқталғаннан кейін бірден өзгереді. Зақымдалған немесе ластанған кезде ЖҚҚ-ны дереу ауыстыру керек.
Егер қорғаныш көзілдірігі/қорғаныш қалқандары/комбинезон сияқты көп рет пайдалануға болатын ЖҚҚ пайдаланылса, ЖҚҚ өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес әр пайдаланылғаннан кейін зарарсыздандырылуы қажет.
ЖҚҚ персоналдың киім мөлшеріне сәйкес таңдалуы тиіс. ЖҚҚ медициналық жұмыс костюмінің үстіне киіледі.
ЖҚҚ таза аймақта киіледі. Лас аймақта медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді. ЖҚҚ кию және шешу аймағында қолды өңдеуге арналған антисептиктер болуы тиіс. Таза аймақта адамның бойымен бірдей айна болуы керек.
Лас аймақта В сыныбының медициналық қалдықтарын жинауға арналған таңбаланған контейнер (пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауға арналған), қол жууға арналған раковина және қолды өңдеуге арналған антисептиктер болады.
ЖҚҚ-ны кию ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі. Медицина қызметкері науқастың палатасына кіргеннен кейін жауапты адам таза аймақта күту керек. Егер жауапты адам болмаған жағдайда қызметкер көзбен шолып бақылауды жүзеге асыра отырып, айна алдында киінеді.
ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адам - бұл ЖҚҚ-ны кию/шешу техникасына және биологиялық қауіпсіздік шараларына оқытылған медицина қызметкері. Ол ЖҚҚ-ны кию және шешу кезінде көзбен шолып бақылауды жүзеге асырады.
1. № 1 қорғаныш деңгейі.
ЖҚҚ-ны кию
ЖҚҚ-ны кию алдында қолды сабынмен жуып, спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеу қажет.
1) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз.
2) Арқасында байламдары бар тоқылмаған материалдан бір рет қолданылатын халатты киіңіз. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолдарын білек ұшына дейін толық жабады және арқасында байланады. Мойны мен белінде түймеленеді немесе байланады.
3) Жауапты адам халаттың арқа мен белді толық жабуын бақылайды.
4) Егер сіз оптикалық көзілдірік киген болсаңыз, оны респиратор кигенше шешіңіз. Көзілдірік линзаларын спиртті салфеткамен сүртіңіз. Респираторды киіңіз және оның бетке тығыз жанасуына көз жеткізіңіз. Респиратор пайдаланылатын бет қалқаншасына сәйкес келуі тиіс. Респиратордың жанасуын қамтамасыз ету үшін екі саусақпен мұрын клипсін қысыңыз. Респиратордың жанасуын тексеру үшін бірнеше дем шығарыңыз. Көзілдіріктің имек тұтқасын респиратордың байланымының артына салып, оптикалық көзілдірікті киіңіз. Жауапты адам респиратор байламдарының желкеде орналасуының дұрыстығын тексереді.
5) Қолайлы өлшемдегі стерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатынына көз жеткізіңіз. Палатаға кіреберісте жауапты адам соңғы тексеруді жүргізеді.
• Қолыңызды беттен алыс ұстаңыз
• Өзіңіз ұстайтын беттердің санын шектеңіз
• Егер олар бүлінген немесе қатты ластанған болса, қолғапты ауыстырыңыз
• Қол гигиенасы қағидаларын сақтаңыз.
ЖҚҚ-ның бүтіндігі бұзылған жағдайда, ол құсық массаларымен немесе науқастың басқа бөлінділерімен ластанған жағдайда палатадан кетіңіз.
ЖҚҚ-ны шешу
Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешуге арналған аймаққа шығады.
1) Ластанған беттерді ұстамай қолғапты шешеді, қолғапты медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салады.
• Қолғаптың сыртқы жағы ластанған!
• Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
• Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз.
• Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз.
• Қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз.
2) Қолды спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.
3) Халаттың байлауын үзіп, халатты ластанған жағымен ішке қарай бұрап шешіңіз.
• Халаттың алдыңғы бөлігі мен жеңдері ластанған!
• Егер сіздің қолыңыз халатты шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
• Байлауды шешу кезінде жеңдердің денеңізге тимеуін қадағалай отырып, халат байламдарын шешіңіз.
• Халаттың тек қана ішкі жағын ұстап, халатты мойын мен иықтан сыртқа тартыңыз.
• Халаттың сыртын айналдырыңыз.
• Халатты жинаңыз немесе түйіндеп байлаңыз және медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.
4) Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.
5) Медициналық масканы немесе респираторды шешіңіз.
• Медициналық масканың/респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған - ҰСТАМАҢЫЗ!
• Егер сіздің қолыңыз медициналық масканы/респираторды шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
• Медициналық масканың/респиратордың төменгі байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей шешіңіз.
• Медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.
6) Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.
7) Бас киімді шешіп, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.
8) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолыңызды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.
Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
2. № 2 қорғаныш деңгейі.
ЖҚҚ-ны кию
1) Қолды сабынмен жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.
2) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз.
3) Респираторды киіңіз (N95 немесе FFP2). Екі саусақпен мұрынға респиратор клипсін басыңыз. Бірнеше дем шығарып, респиратордың тығыз орналасқанына көз жеткізіңіз. Егер сіз оптикалық көзілдірікті киген болсаңыз, оларды респиратор кигенше шешіңіз, көзілдірік линзаларын спирттік салфеткамен сүртіңіз.
4) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқаншасын киіңіз, оларды реттеңіз. Егер бет қалқаншасы болмаса, қорғаныш көзілдірігін оптикалық көзілдіріктің үстінен киеді.
5) Арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген халатты пайдаланған кезде. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолды білектің ұшына дейін толығымен жабады және артқы жағына байланады. Мойын мен белге бекітіледі немесе байланады.
6) Комбинезонды пайдаланған кезде. Тоқылмаған материалдан жасалған капюшоны бар қорғаныш комбинезонын ашыңыз. Комбинезон сырғытпасын ашып, оны жоғарыға қарай жылжытыңыз. Комбинезонның оң және сол жақтарын тізбектеп киіңіз. Комбинезонның жоғарғы жағын түзеп, жеңін киіңіз. Комбинезонның сырғытпасын иекке дейін сырғытыңыз. Капюшонды киіңіз. Комбинезон сырғытпасын соңына дейін жабыңыз. Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасынан қорғаныш пленкасын алып, оларды оған жапсырыңыз, сырғытпасы мен жағасын жабыңыз.
7) Қолайлы мөлшердегі стерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатындығына көз жеткізіңіз.
8) Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
ЖҚҚ-ны шешу
Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады.
1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз.
2) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.
• Қолғаптың сыртқы жағы ластанған!
• Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
• Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз.
• Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз.
• Үстіңгі қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз.
3) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз.
4) Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасын алып, сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның капюшонын шешіңіз. Комбинезон жеңдерін лас жағымен ішіне қарай айналдырып, комбинезонның жеңдерін шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып, оны толық шешіңіз және оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. Егер су өткізбейтін бахилаларды пайдалансаңыз, оларды киіммен бірге шешіңіз.
5) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз.
6) Егер Сіз тоқылмаған материалдан жасалған, арқасында байламы бар халатты пайдаланған болсаңыз, шешу тәртібі № 1 қорғаныш деңгейінде көрсетілген.
7) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын шешіңіз.
• Көзілдіріктің сыртқы жағы немесе қалқан ластанған!
• Егер қолыңыз көзілдірікті немесе қалқаншаны шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
• Бастағы бауларын немесе көзілдірік тұтқасын көтеріп, көзілдірікті немесе қалқаншаны артқы жағынан бастап шешіңіз.
• Егер қорғаныш көзілдірігі немесе қорғаныш қалқаншасын қайта пайдалануға болатын болса, оны өңдеуге арналған арнайы контейнерге салыңыз. Егер олай болмаса, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз.
8) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз.
9) Респираторды шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.
• Респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған - ҰСТАМАҢЫЗ!
• Егер қолдарыңыз респираторды шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
• Медициналық масканың/респиратордың төменгі жақтағы байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей алып шешіңіз.
10) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз.
11) Медициналық бас киімді шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.
12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдейді.
Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.
3. № 3 қорғаныш деңгейі.
Ауаны мәжбүрлеп беретін респираторды пайдалану арнайы даярлықтан өтуді талап етеді.
Әр түрлі өндірушілердің респираторлары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін, ұйымыңызда қабылданған стандартты операциялық рәсімдерді орындаңыз.
ЖҚҚ-ны кию
1) PAPR батареясының толық зарядталғанына көз жеткізіңіз.
2) қолды сабынмен жуып, оны спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.
3) мата емес материалдардан тігілген капюшонсыз комбинезонды ашыңыз.
4) комбинезон шалбарынан алмай, етікті киіңіз, содан кейін жоғары тартып комбинезонды киіңіз.
5) қолдың үлкен саусағын комбинезон жеңдерінің манжеті жанындағы саңылауға кигізіңіз. Комбинезон сырғытпасын салыңыз.
6) нитрил/латекс қолғапты комбинезон манжеттерін жабатындай етіп киіңіз.
7) ауа үрлеуіш қозғалтқышы бар белдікті киіңіз.
8) қажет болған жағдайда алжапқыш киіңіз.
9) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес батареяны тиісті ұяшыққа салыңыз (егер қолданылса).
10) жауапты адам ауа беру түтігін ауа үрлегішпен қосады. Респиратор шлемін (немесе капюшонды) ауа беру түтігімен жалғаңыз. Ауа ағыны индикаторының жұмысын тексеріңіз.
11) PAPR шлемін (немесе капюшон) киіңіз. Жауапты адам оны ауа беру түтігімен жалғайды.
ЖҚҚ-ны шешу
Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады.
1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.
2) Дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған кілемшеге тұрыңыз.
3) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.
• Қолғаптың сыртқы жағы ластанған!
• Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз.
• Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз.
• Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз.
4) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз.
5) Комбинезон сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып шешіңіз. Оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз.
6) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.
7) PAPR шлемін (капюшон) ауа беру түтігімен қосылған жерден ұстап тұрып шешіңіз. Шлемді (капюшонды) қолыңызда ұстап тұрып, ауа беретін түтіктен ажыратыңыз. Дезинфекция аймағына өтіңіз
8) Ауа үрлеуіші мен ауа беру түтігімен қосылған белдікті шешіңіз.
9) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. Қолғаптың таза жұбын киіңіз.
10) Қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес PAPR компоненттерін дезинфекциялаңыз.
11) Спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз.
12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдейді.
Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
3-қосымша
Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмі
І. Медициналық және матадан тігілген маскаларды (бұдан әрі - маскалар) қалай қолдануға болады
1) бір рет қолданылатын маскалар бір рет пайдаланылады;
2) Масканы аузын, мұрнын және иегін жабатындай етіп кию керек. Бұл жағдайда ол тығыз бекітілуі керек. Егер маскада бауы болса, оларды мықтап байлау керек.
3) Маскада арнайы қатпарлар болған кезде оларды ашу керек, ал мұрын аймағында тігілген икемді пластина болған жағдайда, оны бетке неғұрлым толық жанасуды қамтамасыз ету үшін мұрынға мықтап бүгу керек.
4) Масканы қолданған кезде сүзгілеу бетіне қолды тигізбеу керек.
5) Медициналық ұйымдарда және үй карантиніндегі адамдар масканы кемінде 2 сағатта 1 рет ауыстыру керек.
6) Егер маска дымқыл немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киіңіз. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдаланбаңыз.
7) Пайдалану кезінде медициналық масканы ұстамаңыз. Медициналық масканың сүзгіш жағынан ұстамай, резеңкесінен (жібінен) шешу керек. Медициналық масканы шешкеннен кейін бетіңізді ұстамаңыз және қолды бірден жуыңыз. Бұл сіз масканың бетін кездейсоқ ұстаған болсаңыз, вируспен байланысты болдырмауға көмектеседі.
8) Инфекцияның матадан тігілген маскалар арқылы таралуын болдырмау үшін оларды жиі жуып, ұқыпты ұстау керек. Матаның тозуының айқын белгілері болған кезде оны ауыстыру керек.
ІІ. Бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарын қалай кәдеге жарату керек
1. Жағдайға, персоналға және қызмет түріне байланысты COVID-19 инфекциясы кезінде ЖҚҚ-ны таңдау, COVID-19 кезінде ЖҚҚ пайдалану алгоритмі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
2. COVID-19 аурулары бар карантиндік орталықтарда, инфекциялық стационарларда, COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастар және COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар пайдаланған ЖҚҚ «В» сыныбының қалдықтары (төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде зарарсыздандырылуға және жойылуға жатады.
3. Карантиндік орталықтарды, инфекциялық стационарларды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылған ЖҚҚ-ны «Б» сыныбының қалдықтары (эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде тастауға жатады. Барлық медициналық ұйымдарда COVID-19-ға күдікті немесе расталған пациент анықталған кезде пайдаланылған ЖҚҚ «В» сыныбының қалдықтары (төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде зарарсыздандыруға және жоюға жатады. Осы мақсатта барлық бөлімшелерде «Б» сыныбының, сондай-ақ «В» сыныбының пакеттері мен ҚЖКЖҚ жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.
4. Пайдаланылған ЖҚҚ салынған пакеттер «Б» сыныбының қалдықтары (эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар) ретінде мамандандырылған кәсіпорындармен шығарылады және кәдеге жаратылады.
5. Қызметкерлері санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды (көшелерді патрульдеу, үй-жайларды және қоғамдық орындарды дезинфекциялау бойынша) жүргізуге тартылған ұйымдар мен объектілерде, оның ішінде полиция қызметкерлері, еріктілер пайдаланған ЖҚҚ жинауға арналған пакеттерді уақытша сақтау үшін арнайы орын бөлінуі тиіс.
6. Тартылатын персоналмен ЖҚҚ-ны қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқау, пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауға арналған пакеттерді уақытша сақтау орнымен танысу жүргізіледі.
7. Үй жағдайында пайдаланылған медициналық маскаларды (соның ішінде түшкіргенде және жөтелгенде пайдаланылған сулықтарды) жеке пакетке жинап, оны тығыз және герметикалық жабу керек және содан кейін ғана қоқыс шелегіне лақтыру керек.
Халық пайдаланатын медициналық маскалар «А» сыныбының медициналық қалдықтарына (қауіпті емес медициналық қалдықтар, ҚТҚ сияқты) жатады және полигондарға шығарылады.
8. «Б» және «В» сыныптарының қауіпті медициналық қалдықтарын тасымалдауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
4-қосымша
COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық
дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмі
I. Жалпы талаптар
1. COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізеді..
2. CОVID-19 ошақтарындағы ағымдағы дезинфекциялау науқастың немесе онымен бірге тұратын адамдардың күшімен жүргізіледі.
3. Профилактикалық өңдеу осы қаулымен бекітілген алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі.
ІІ. Қорытынды дезинфекция
4. Дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
5. Қорытынды дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.
6. Дезинфекциялау құралдары оларға қоса берілген вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген нұсқаулықтарды қатаң сақталған жағдайда қолданылады.
7. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстағы заттаңба дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) бүкіл кезеңінде сақталады.
8. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
9. Дезинфекциялау құралдары мамандандырылған автокөлік құралдарымен немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға бейімделген басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.
10. Дезинфекцияны (өңдеуді) мынадай:
- тері жамылғысын (қорғаныш халат, қолғап);
- тыныс алу ағзаларын («В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типті әмбебап респираторлар);
- көзді (герметикалық қорғаныш көзілдірік);
- аяқты (бір рет қолданылатын құралдар немесе резеңке етіктер) қорғайтын жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүргізу қажет.
11. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдарымен (дезинструктор, дезинфектор) жұмыс істеуге тартылатын мамандардың дезинфекциялау бойынша даярлығы және жұмысты қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқамасы болуы тиіс.
ІІІ. Ағымдағы дезинфекция
12. Ағымдағы дезинфекция күн сайын жүргізіледі.
13. Өңдеу кезінде маска мен қолғапты қолдану керек.
14. Өңдеу келесі түрде жүзеге асырылады:
1) есік тұтқаларын сабынмен жуып, кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту қажет;
2) ажыратқыштарды кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;
3) терезе алды тақтайлары, шкафтар, жиһаздар (матамен және жұмсақ кеуекті материалмен қапталмаған бөліктер) және өзге де қатты беттерді сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;
4) компьютерлердің клавиатурасын кемінде 70% спирт негізіндегі антисептикпен сүрту;
5) асүй үстелшелерін әрбір пайдаланғаннан кейін тұрмыстық химия құралдарын қолдана отырып жуу және кемінде 70% спирт негізіндегі антисептигі бар салфеткамен сүрту қажет;
6) тұрмыстық техника: панельдер мен басқару пульттерін кемінде 70% спирт негізіндегі антисептигі бар сулықтармен сүрту;
7) араластырғыштарды, раковиналарды ыстық сумен мұқият жуу қажет тұрмыстық химия құралдарын қолдана отырып жуу қажет;
8) дәретхананы (унитаз, ванна, душ кабинасы, биде) хлор негізіндегі тұрмыстық химия құралдарын пайдалана отырып, соңғы кезекте өңдеу.
15. Ағымдағы дезинфекция аяқталғаннан кейін пайдаланылған сулықтар, маскалар мен қолғаптар бөлек пакетке салынып, тығыз және герметикалық түрде жабылып, қоқысқа тасталуы керек.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
5-қосымша
Пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде
COVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі
1. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың туыстарымен белгіленген тәртіппен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер өткізуіне мынадай талаптар сақталған жағдайда рұқсат етіледі:
1) ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының қысқа мерзімді кездесулерді беру кезінде маска кию режимін сақтауы;
2) ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесулер бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне 2 реттен сиретпей, кейіннен желдету және кварцтау арқылы тұрақты жинау жүргізу.
2. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау бөлмелерінде, жиналу бөлімшелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдету және ауаны зарарсыздандыру арқылы күніне 2 реттен сиретпей ағымдық жинауды тұрақты түрде жүргізуді қамтамасыз ету.
3. CОVID-19 сырқаттанушылығының тіркелу деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақта) мынадай санаттарды:
- мекеме қызметкерлерін;
- этаппен тасымалдауға жататын адамдарды;
- ҚАЖ, ІІМ мемлекеттік мекемелерінде және мекемелерден тыс ұйымдардағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты алған сотталғандарын (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 айда қоспағанда);
- осы қосымшаның 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдармен ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келгендер;
- осы қосымшаның 4-тармағын сақтаған кезде адвокаттарды (қорғаушыларды), тергеушілерді қоспағанда, ҚАЖ мекемелеріне кіруді және шығуды (кіруді және шығуды) тоқтата тұру.
4. Дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың, жеке гигиена құралдарының, тыныс алу ағзаларының жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, респираторлар), медициналық термометрлердің және басқа да материалдық ресурстардың қорын ұстауды қамтамасыз ету.
5. Тұрғын отрядтарда, камераларда, тамақтану объектілерінде, өндірістік учаскелерде, жұмыс орындары мен қызмет атқару орындарында жеке гигиенаны сақтау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.
6. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, қызмет көрсетуші персоналдың және арнайы контингенттің маска кию режимін сақтауын қамтамасыз ету.
7. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің арнайы контингентті қабылдау кезінде жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап, көзілдірік) киюін қамтамасыз ету.
8. ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін барлық адамдардың, сондай-ақ мекеме шлюзіне кірер алдында ілесіп жүретін адамдар мен жүргізушілердің денесінің температурасын өлшеуді және сұрау алуды қамтамасыз ету.
9. Монша-кір жууды қамтамасыз етуді, тамақтануды, өндірістік қызметті ұйымдастыру кезінде жергілікті секторларда тұратын сотталғандар ағынының қиылысуын азайту.
10. Ортақ пайдаланылатын және адамдар жиналатын орындарда (асханалар, БПК, өндірістік учаскелер, тамақ өндірісі, дүкендер және басқа да объектілер) дезинфекциялық режимді күшейту. Дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау жүргізу жиілігін арттыру, бактерицидті сәулелендіргіштерді пайдалану. Түстенетін залдарды (үстелдер, орындықтар, едендер) тамақтанатын сотталған адамдардың әрбір ауысымынан кейін дезинфекциялау құралдарымен жинау жүргізу.
11. Әкімшілік ғимараттарға, мекемелердің аумағына кіретін есіктерді тері антисептиктерімен жабдықтау, міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету.
12. Мекеме қызметкерлері мен контингенттің жеке гигиенасын сақтауын бақылауды күшейту.
13. COVID-19 ауруына күдік анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың регламенттелген кешенін дереу жүргізу.
14. 12 сағат ішінде жазбаша түрде (немесе электрондық байланыс арналары арқылы) СОVID-19 әрбір жағдайына шұғыл хабарламаларды аумақтық департаментке беруді қамтамасыз ету.
15. Сәлемдеме қабылдау бөлмесінде қызметкерлердің медициналық маска киіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
16. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау, жиналу бөлімшелерінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирусты инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз ету.
ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлеріндегі санитариялық-
дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар
1. ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлерінде режимдік-шектеу іс-шараларын (карантин) енгізу.
2. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне жұмысқа орналасқандардың санын ең азға дейін қысқарту.
3. Карантин кезеңінде сәбилер үйінде, бірге тұру орталығында орналасқан адамдардың тұруын қамтамасыз ету.
4. Карантин кезеңінде сотталғандарды (сәбилер үйіне орналастырылған аналар мен адамдарды) бірге тұру орталығында тамақпен қамтамасыз ету. Тамақты санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жеткізу. Тамағы бар термостарды қабылдауды және жуу және өңдеу үшін термостарды беруді тамақ жеткізушілерді санитариялық киіммен, бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғаптар) қамтамасыз ете отырып, сәбилер үйінің КӨП-те жүзеге асыру.
5. Баланы емізетін сотталғандарды карантин кезеңінде сәбилер үйінің бірге тұратын орталығына орналастыру.
6. Карантин кезеңінде бірге тұратын орталықтағы сотталғандардың киім-кешектерін жууды сәбилер үйінің кір жуу бөлмесінде жүзеге асыру.
7. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне орналастырылған сотталғандарды, аналарды таңғы және кешкі тексеруді жүргізуді мекеме қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін (термометрия, сұрау, тексеру) сәбилер үйінің аумағында жүзеге асыру.
8. Сәбилер үйіне жұмысқа тұрғызылған қызметкерлер мен сотталғандардың, аналардың күн сайынғы таңертеңгілік сүзгісін тексеру нәтижелерін арнайы жүргізілген журналға енгізе отырып, дене температурасын өлшеу, медициналық тексеріп-қарау, денсаулық жағдайы туралы сұрау арқылы қамтамасыз ету.
9. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирустық инфекциялар кезінде қолдануға рұқсат етілген дезқұралдарды пайдалана отырып, сәбилер үйіне тамақ өнімдерін жеткізу үшін пайдаланылатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу бойынша іс-шараларды күшейту.
10. Сәбилер үйінде дезинфекциялық және маскалық режимнің сақталуын, топтық оқшаулауды, таңертеңгілік сүзгі, респираторлық аурулар белгілері бар балаларды тез арада оқшаулауды қамтамасыз ету.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
6-қосымша
Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері
және басқалары) қызметіне қойылатын талаптар
1. Объектілерде анықталған симптомдары (қызба, тамақтың ауыруы, дімкәстік, жөтел, ентігу) бар пациенттерді (персоналды) уақытша оқшаулау үшін (кемінде 2 төсек) изоляторы бөлінеді. Изолятордың жұмыс режимі инфекциялық стационардың жұмыс режиміне сәйкес келеді.
2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан келіп түсетін пациенттер үшін 10 күнге дейін болатын жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді, жай-күйі мен термометриясы күніне кемінде 3 рет сұралып, қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркеледі.
3. Жаңадан түсетін пациенттер (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда) ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаты бар болғанда медициналық-әлеуметтік мекемелерге қабылданады.
4. Респираторлық инфекция белгілері пайда болған (қызба, тамақтың ауыруы, дімкәстік, жөтел, ентігу) Персонал емделушілерде симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігер-консультанттың шақыруымен изоляторға орналастырылады.
5. COVID 19-мен науқас адам анықталған және оқшауланған жағдайда қорытынды дезинфекция мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі.
6. COVID 19-мен науқас адам анықтаған және оқшаулаған кезде қорытынды дезинфекция жүргізуге өтінімді COVID 19 жағдайын анықтаған медицина қызметкері береді.
7. Пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін көрнекі ақпараттық материалдарды (жадынамалар, нұсқаулықтар) ұсына отырып, COVID-19 профилактикасы бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.
8. Объектінің эпидемиологы (штатта эпидемиолог болмаған жағдайда жауапты медицина қызметкері) сақ болу және COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді.
9. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) пациенттердің асханалық ыдыстарын буфеттерде жуу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес;
2) жуу және дезинфекциялау құралдарының, ЖҚҚ төмендетілмейтін қорымен.
10. Үй-жайларды тазалауды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы жинау жүргізу үшін жауапты персонал айқындалады. Жауапты адамдарды бекітумен жинау кестесі жасалады;
2) барлық үй-жайларда күнделікті ылғалды жинау есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), қол жууға арналған раковиналарды, терезелер мен шырақтарды, терезе алды, есік ойықтарын, төсек жанындағы тумбочкаларды, қосқыштар мен розеткаларды, лифтілерді міндетті түрде өңдеу арқылы жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі;
3) дезинфекциялау дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, мынадай еселікпен жүргізіледі:
- есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ қойғыштарын), қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын өңдеу - әрбір 2 сағат сайын;
- санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерін, перилалар) - күніне 3 рет.
11. Медициналық-әлеуметтік объектілердің барлық үй-жайларын желдете отырып, ауаның температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, фильтрлерді ауыстыру және т.б.) тексеру жүргізіледі.
12. Персонал бір рет қолданылатын медициналық маскаларды пайдаланады, антисептиктерді пайдалана отырып, қолды гигиеналық өңдеу жүргізіледі, медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде - бір рет қолданылатын стерильді қолғап пайдаланылады.
13. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, әкету және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі. COVID-19 байланысты медициналық қалдықтарды кәдеге жарату қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
14. Үйде қызмет көрсететін ұйымдардың басшылығы мынаны қамтамасыз етеді:
1) қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жеке қорғаныш құралдарымен, оларға үйге бару үшін автокөлікпен;
2) респираторлық инфекциялар симптомдары (дене температурасының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) бар әлеуметтік қызметкерлерді жұмыстан шеттету.
15. Мүгедектер мен қарттардың тұрғын үй-жайларындағы ылғалды жинау Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
16. Уақытша болу ұйымдарына жаңадан келіп түскендер үшін (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандары үшін) 10 күнге дейін болатын және жай-күйін сұрау жүргізу мен термометрия арқылы күніне кемінде 3 рет қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеліп, жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
7-қосымша
COVID-19 қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР
зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмі
1-бөлім. COVID-19 қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру
1. ПТР әдісімен тестілеу диагностикалық, профилактикалық мақсатта және COVID-19 эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүргізіледі.
2. ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуге жататын контингентті жоспарлау және тексеру жиілігі осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
3. СОVID-19-ға тестілеуге жататын контингентті ПТР әдісімен жоспарлауды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - АД) тиісті аумақтың денсаулық сақтау басқармаларымен (бұдан әрі - ДСБ) келісім бойынша айына, аптасына және күнге жоспар жасай отырып, 3 айға жүргізеді.
4. АД басшысы ДСБ келісімі бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу өткізетін зертханалардың тізбесін және әрбір зертхана үшін қуатын ескере отырып, кемінде бір апта мерзімге тестілеуге арналған контингентті бекітеді.
5. ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуге жататын контингенттің жоспарын тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бекітеді.
6. Осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес тестілеуге жататын адамдардың тегі бойынша тізімін ұйым басшылары АД аумақтық басқармасына ұсынады, ол қортынды ақпаратты АД-ға жібереді.
7. Меншік нысанына қарамастан, тестілеуді өткізуге жіберуді және COVID-19-ға материалдар алуды жүзеге асыратын АД, зертханалар мен медициналық ұйымдар осы қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес зерттелетін адамның барлық деректерін толтыра отырып, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыруға және электрондық жолдаманы ҰСО Бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі - БИП) тіркеуді (рұқсат берілген сәттен бастап) қамтамасыз етуге міндетті.
8. Меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу жүргізуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және ұсынылған нысан бойынша есепті АД мен ДСБ-ға ұсынады.
9. АД-ы СОVID-19 барлық жаңа жағдайларын есепке алуды және тіркеуді және аурудың нәтижесін тіркеуді жүргізеді.
10. АД өз құзыретінің шегінде зерттеу нәтижелерін салыстыру, COVID-19 тестілеуді ұйымдастыру процесін бағалау үшін меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен тестілеуді өткізетін зертханаларға және медициналық ұйымдарға мониторингтік бару жүргізуге құқылы.
11. COVID-19-да тестілеуді жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан зертханалар мен медициналық ұйымдар мониторингтік баруларға АД рұқсат беруі және COVID-19-да тестілеуді өткізу мәселелері бойынша сұратылған ақпаратты ұсынуы тиіс.
12. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар зертханалық ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АЖЖ) ҰСО-ның ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етуі және зерттеу нәтижелерін бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету үшін ҰСО-ның талаптарына сәйкес COVID-19 (әрбір зерттеу бойынша) жүргізілген зерттеулер нәтижелерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.
13. ҰСО меншік нысанына қарамастан, СОVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдардың зертханалық ақпараттық жүйелерін ҰСО БИП-мен интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және үйлестіреді.
14. ҰСО-ы тестілеу нәтижелерін электрондық форматта және зерттеу хаттамаларын қағаз тасығыштарда салыстыру мақсатында АД үшін ҰСО АЖ-ға қолжетімділікке рұқсат береді.
15. Тиісті контингентті тестілеуді ұйымдастыру үшін бақылау, мониторинг және есеп беру АД басшысына жүктеледі.
16. ПТР әдісімен тиісті контингентті тестілеуді орындау бойынша есептілікті зертханалар меншік нысанына қарамастан АД-ға ұсынылған нысанға сәйкес күн сайын 2 реттен кем емес (сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, сағат 18-ден 19.00-ге дейін) ұсынады.
17. АД басшысы күніне кемінде 2 рет (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сағат 20-дан 21.00-ге дейін) бұлттық қоймаға ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуге жататын контингенттің есебін жинақтау, ұсыну бойынша жауапты адамды анықтайды.
18. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу өткізу мониторингі бойынша есеп беру нысандарын әзірлейді, бұлттық қоймаға орналастырады және АД-ның қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
19. ҚР ДСМ ҚДСҰО-ы осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен тестілеуге жататын контингентті тестілеу бойынша жиынтық және ақпаратты өңірлер бөлігінде 2 реттен кем емес (бірінші есеп 8.00 сағ., екінші есеп 17.00 сағ.) ұсынады.
20. ҚДСҰО-ы, ҰСО-ы COVID-19 диагностика әдістері бойынша зертханалардың мамандарына халықаралық ұсынымдарға (ДДҰ, CDC) сәйкес әдіснамалық көмек көрсетеді, медициналық ұйымдарды іріктеу, сақтау және биоматериалдарды тасымалдау техникасына оқытуды жүргізеді.
I. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тестілеуді ұйымдастыру
21. Инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылғандар және COVID-19 амбулаториялық емдеуде жүрген, ЖРВИ және пневмониялар белгілері бар науқастар:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады;
2) пациенттен алынған үлгі қоса берілген нысанға сәйкес ақпараттық жүйеде толтырылған жолдамамен сүйемелденеді және жолдаманы тиісті зертханаға жіберу қамтамасыз етіледі. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда зертханаға биоматериалмен бірге жіберіледі;
3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
4) тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлай отырып, беру уақыты, ақпаратты қабылдаған Т.А.Ә мен лауазымы журналға тіркеліп, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
5) зертхана биоматериалды жіберген ұйымға ПТР-ның нәтижесін 12 сағат ішінде хабарламамен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы береді. МАЖ-ға ЗАЖ интеграцияланған жүйесі болған жағдайда зерттеу нәтижелері 2 сағат ішінде енгізіледі.
II. Профилактикалық мақсатта тестілеуді ұйымдастыру
22. ҚР ҚМ, Ұлттық гвардия, ІІМ қарулы күштері қатарына шақырылушылар:
1) ведомстволық қызмет АД-ға әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу кестесін және күндер бойынша, бір апта, бір ай ішінде COVID-19 тестілеуге жататын адамдардың санын ұсынады;
2) әскерге шақырылушыларды (жас буынды) тексеру әскери құралымға келген жері бойынша жүргізіледі. ПТР нәтижесін алғанға дейін жас толықтыру оқшаулауда болады;
3) биоматериал сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим мен ЖҚҚ-ны пайдалану талаптарын сақтай отырып, ведомстволық қызметтің оқытылған медицина қызметкері, сондай-ақ сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО-ның ақпараттық жүйесіне толтыра отырып және тиісті зертханаға СЭБК маманының жеке кабинетінен (http://lis.nce.kz/kkkbtu) жібереді;
4) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
5) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
6) бастапқы тестіленуші адамдарда оң нәтиже анықталған жағдайда тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана 2 сағат ішінде биоматериал жіберген аумақтық АД-ға телефон арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі 3 сағат ішінде беріледі;
7) зертхана зерттеу нәтижесін жіберген биоматериалға 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы береді.
23. Автомобиль өту жолдарымен Мемлекеттік шекара арқылы келетін ҚР азаматтары, ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар, Қазақстанға кіретін адамдар:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады;
2) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО ақпараттық жүйесінде толтырады және тиісті зертханаға СЭБК маманының жеке кабинетінен http://lis.nce.kz/kkkbtu) жібереді;
3) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы ақпараттық жүйеде болған жағдайда зерттелетін адам туралы барлық деректерді толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және жолдаманы тиісті зертханаға жіберуді қамтамасыз етеді;
4) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
5) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
6) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериал жіберген ұйымға телефон арқылы ақпарат қабылдап алған адамның аты-жөні мен лауазымын тіркеу арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
7) зертхана зерттелетін адамға 24 сағат ішінде зерттеу хаттамасын береді.
24. Медициналық-әлеуметтік және басқа да жабық мекемелерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және т.б.) жаңадан келіп түсетін қамқорлықтағылар:
1) биоматериал сынамаларын іріктеуді денсаулық сақтау ұйымының, медициналық-әлеуметтік және басқа да жабық мекемелердің оқытылған медицина қызметкері қамқорлыққа алынушының келіп түсуіне қарай жүзеге асырады;
2) биоматериалды іріктеуді жүзеге асыратын медицина қызметкерлері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтайды және тиісті ЖҚҚ-ны пайдаланады;
3) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
4) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
5) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде аумақтық АД-ға және биоматериал жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлай отырып, беру уақыты, ақпаратты қабылдаған Т.А.Ә мен лауазымы журналына тіркеп, одан кейін АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
6) зертхана биоматериал жіберген ұйымға 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасын береді.
25. ҚАЖ мекемесіне түскен адамдар
1) биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын және ЖҚҚ-ны пайдалануды сақтай отырып, оқытылған медицина қызметкері жүзеге асырады.;
2) пациенттен алынған үлгі ұсынылған нысанға сәйкес жолдамамен сүйемелденеді;
3) үлгіні сақтау, зертханаға тасымалдау осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
4) тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана бастапқы тестіленуші адамдарда оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген ұйымға телефон арқылы хабарлайды, кейіннен АД-ға 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі беріледі;
5) зертхана ҚАЖ-дың биоматериалын жіберген мекемесіне 12 сағат ішінде хабарлаумен электрондық пошта арқылы немесе курьер арқылы зерттеу хаттамасын береді.
26. COVID-19 зерттеу жүргізетін зертханаға ақылы негізде жүгінген адамдар:
1) биоматериал сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып және ЖҚҚ пайдалану зертханасының мамандары жүзеге асырады;
2) ұсынылған нысанға сәйкес іріктеу жүргізілетін адамға жолдама ресімделеді;
3) ПТР әдісімен тестілеуді өткізетін зертхана оң нәтиже анықталған жағдайда 2 сағат ішінде АД-ны телефон арқылы хабардар етеді, кейіннен АД 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттама береді;
4) зертхана зерттелетін адамға 24 сағат ішінде зерттеу хаттамасын береді;
5) АД пациенттің тұрғылықты жері бойынша МСАК-қа хабарлайды.
IV. 2-бөлім. ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексерудің оң нәтижесі болған
жағдайлар туралы хабарлау
1. ПЦР әдісімен COVID-19 тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан, зертханалар 2 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және АД және ДСБ ұсынылған нысан бойынша есепті ұсынуы тиіс.
2. АД-ы СОVID-19 барлық жаңа жағдайларын есепке алуды және тіркеуді және аурудың нәтижесін тіркеуді жүргізеді.
3. Медициналық ұйым тексерген емделушілерде ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеудің оң нәтижесі анықталған жағдайда тестілеуді өткізген зертхана 2 сағат ішінде АД-ға және биоматериалды жіберген медициналық ұйымға (бұдан әрі - медициналық ұйым) ақпаратты қабылдаған адамның Т.А.Ә. мен лауазымын беру уақыты журналына тіркеп, телефон арқылы хабарлайды.
4. Медициналық ұйым ПТР әдісімен СОVID-19 зерттеулерінің оң нәтижесі туралы зертханадан ақпарат алғаннан кейін 2 сағат ішінде АД және ДСБ аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
5. АД 2 сағат ішінде ҚДСҰО-ның жедел штабына және ЖАО-ға хабарлайды.
6. ҚДСҰО-ның жедел штабы 2 сағат ішінде өңірлер бөлігінде ақпарат жинағын жүргізеді және СЭБК мен ДСМ-ге хабарлайды.
7. АД және ДСБ деректерді салыстыру мақсатында өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
8. Сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы барлық деректерді және пациенттің электрондық жолдамасын ҰСО ақпараттық жүйесінде толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және СЭБК маманының жеке кабинетінен тиісті зертханаға жібереді (http://lis.nce.kz/kkkbtu);
ПТР реал-тайм әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуге жолдама
Бірегей идентификатор
Т.А.Ә |
Толық |
ЖСН |
Міндетті |
Туған күні |
Толық кк/аа/жжжж |
Жынысы |
0 Ер 0 Әйел |
Жасы |
|
Нақты тұрғылықты мекенжайы |
Толық |
Байланыс телефоны |
|
Оқу/жұмыс орны |
Міндетті |
Биологиялық материалдың типі |
0 Мұрын жұтқыншақтан жағынды 0 Мұрын жұтқыншақтан және ауыз жұтқыншақтан жағынды 0 қақырық 0 эндотрахеальный аспират 0 мәйіт материалы 0 басқа (көрсету) |
Материал немен өңделді |
______________________________________________ Сынаманы зерттеуге жіберген ұйымның атауы |
Сынама іріктеу нәтижесі |
0 Бастапқы 0 қайталап 0 Емдеу бақылау |
Зерттелетін адамның мәртебесі (тиісті бөлімде көрсету) |
|
1) эпидемиологиялық көрсетілім бойынша |
|
0 COVD-19 ауыратын науқас 0 COVID-19 жоққа шығармайтын белгілерімен өздігініне жүгіну 0 Пневмония 0 ТОРИ 0 ЖРВИ 0 Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша |
Мыналардың шеңберінде анықталған жақын байланыс: 0 Өздігінен жүгіну (эпид көрсеткіш) 0 Профилактикалық скрининг 0 Шетелден жаңадан келгендерге проф.скрининг 0 Эпидемиологиялық қадағалау Мыналардың шеңберінде анықталған әлеуетті байланыс: 0 Өздігінен жүгіну (эпид көрсеткіш) 0 Профилактикалық скрининг 0 Шетелден жаңадан келгендерге проф.скрининг 0 Эпидемиологиялық қадағалау |
0 2) Профилактикалық мақсатта: |
|
0 Жаңадан келген (шетелден) 0 Медицина қызметкерлері (жоспарлы зерттеу) |
0 Әлеуметтік қызметкерлер 0 ҚМ 0 ІІМ 0 0 Ұлттық гвардия шақырылушылар 0 басқалар ______________________ |
0 3) Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында |
|
0 Стационарға шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер 0 Стационарға жоспарлы түрде емдеуге жатқызу кезінде пациенттер 0 Жүкті әйелдер басқалар _____ |
0 гемодиализдегі пациенттер 0 МСУ-ге және басқа да жабық мекемелерге жаңадан келіп түсетін адамдар 0 ШЭҚ шеңберінде, Д-есепке алынған (иә/жоқ, егер иә онда қандай ауру бойынша) |
COVD-19 клиникалық симптомдардың болуы |
0 бар 0 жоқ |
Материал жіберілді |
_____________________________________ Сынама жіберілетін зертхананың атауы |
Алуды жүргізген адамның Т.А.Ә. байланыс |
|
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
8-қосымша
COVID-19-ға тестілеу алгоритмі
І. SARS-CoV-2 коронавирус антигендерін анықтау үшін иммунохроматография әдісімен
экспресс-тестілеу алгоритмі
1. Жалпы ережелер
1.1 Диагностикалық экспресс-тесттер (бұдан әрі - ДЭТ) - бұл зертханалық инфрақұрылымды және қымбат бағалы жабдықты қажет етпейтін қарапайым пайдаланылатын экспресс-тесттер. SARS-CoV-2 вирусына ДЭТ-ның екі түрі бар: SARS-CoV-2 вирусының антигенін (дерін) тікелей анықтайтын антигендерге (АГ) арналған тесттер және иммундық жүйенің вирустық инфекциясы кезінде пайда болатын антиденелердің бір немесе бірнеше түрін анықтайтын антиденелерге (АД) арналған тесттер.
1.1.1. Антигендерді анықтайтын ДЭТ (бұдан әрі - АГ-ДЭТ).
АГ-ДЭТ SARS-CoV-2 вирусының антигендерін, көбінесе осы тіндерде вирустың репликациясы кезінде тыныс алу жолдарының секрециясында кездесетін нуклеокапсид ақуызын тікелей анықтайды. АГ-ДЭТ-тің дұрыстығы бірнеше факторларға, оның ішінде инфекцияның басталу уақытына, үлгідегі вирустың концентрациясына, алынған үлгінің сапасы мен өңделуіне және тест-жиынтығындағы реагенттердің нақты құрамына байланысты. COVID-19-ға арналған АГ-ДЭТ көбінесе вирустық жүктеме көп болған кезде және пациенттердің ең жұқпалы кезеңінде - әдетте белгілер пайда болғанға дейін 1-3 күн және олар пайда болғаннан кейін 5-7 күн ішінде оң нәтиже береді; пациент инфекциядан арылып, қалпына келген сайын нәтижелер теріс болады. Вирустық жүктеме АГ-ДЭТ анықтау шегінен төмен түссе (ол әдетте шекті 2ПТР шекті циклі 30-35 цикл мәндеріне сәйкес келеді), АГ-ДЭТ жалған теріс нәтижелер бере алады.
i. Антиденелерді анықтайтын ДЭТ (бұдан әрі - АД-ДЭТ).
АД-ДЭТ организмнің вирусқа иммундық реакциясының бөлігі ретінде пайда болатын антиденелерді анықтайды. Бұл тесттер инфекция жұқтырғаннан кейін 15-21 күн аралығында өте дәл болады. SARS-CoV-2 вирусының антиденелік реакциясын түсіну әлі де дамып келе жатқандықтан, ДДҰ-ы белсенді инфекцияны емдеу және байланыста болған адамдарды қадағалауды анықтау үшін антиденелер тесттерін пайдалануды ұсынбайды. АД-ДЭТ нәтижелерін түсіндіруді сарапшы жүргізуі тиіс және бірнеше факторларға, оның ішінде аурудың мерзіміне, клиникалық көрінісіне, эпидемиологиясына және белгілі бір ортадағы инфекцияның таралуына, қолданылатын тест түріне, валидация әдісіне және нәтижелердің сенімділігіне байланысты болады. Антиденелерді тексеру жалғасып жатқан індетті тергеп-тексеру кезінде популяцияның антиденелік иммунитетін зерттеу үшін және инфекцияның таралу қарқыны мен өршу масштабын ретроспективті бағалау үшін пайдалы болуы мүмкін.
1.2 SARS-CoV-2 коронавирусының антигендерін анықтауға арналған материал - бұл жоғарғы тыныс алу жолдарының материалы (мұрын немесе назофаринс тампоны) немесе сілекей үлгілері болып табылады;
1.3 АГ-ДЭТ қолданудың ең жақсы нәтижелері аурудың бастапқы кезеңінде вирустық жүктемесі жоғары пациенттерде байқалады және олардың сенімділігі ≥ 5% деңгейінде SARS-CoV-2 ауруы бар аудандарда анағұрлым жоғары. Инфекцияның төмен жылдамдығымен немесе берілуінің болмауымен сипатталатын аудандарда АГ-ДЭТ оң нәтижесінің болжамды құндылығы төмен болады; мұндай аудандарда АГ-ДЭТ оң нәтижелерін бірінші кезекті тестілеуді өткізу немесе растау үшін ПТР қолдану ұсынылады.
1.4. ПТР референс тестімен салыстыру арқылы айқындалған ≥ 80% сезімталдықтың және ≥ 97% ерекшеліктің ең аз сипаттамаларына жауап беретін АГ-ДЭТ пайдаланылады. АГ-ДЭТ вирустың үздіксіз жаппай таралуы бар аудандарда (оң тест нәтижелерінің ≥ 5%) пайдаланылады. Инфекцияның төмен жылдамдығымен немесе берілмеуімен сипатталатын аудандарда тестілеу немесе АГ-ДЭТ оң нәтижелерін растау ПТР қолдану ұсынылады.
1.5 Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында АГ-ДЭТ пайдалана отырып тестілеуді оқытылған маман орындайды.
1.6 ЭТ пайдаланып скринингтен өткен пациенттерде бақылау тестілеуі үшін ПТР пайдаланып зерттеуді тағайындау кезінде материалдың үлгілерін 2 күннен аспайтын аралықпен алу жүзеге асырылады.
2. Экспресс тестілеу мынадай санаттарға қолданылады:
2.1 Инфекция (өршу) ошақтарында жаппай тестілеу үшін ұйымдасқан ұжымдарда және жабық мекемелерде (мектептер, балабақшалар, балалар лагерлері, көрмелер, полиция, қарулы күштер, қамау орындары, қарттар үйлері, жатақханалар және т.б.). Аурудың өршуі кезінде ұжымдарда, әсіресе үздіксіз жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасында сырқаттанушылық серпінін мониторингтеу кезінде.
2.2 Пациенттерді COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдарда шұғыл емдеуге жатқызу кезінде;
2.3 ПТР тестілеуге қолжетімділік жоқ шалғай елді мекендерде.
3. Экспресс тестілеу:
3.1 стационарда төсек жанындағы тестілеу кезінде;
3.2 биологиялық қауіпсіздіктің тиісті шараларын және сақтау шарттарын қамтамасыз ете отырып, арнайы бөлінген және жарақтандырылған автомобильдерде;
3.3 жедел медициналық жәрдем бригадалары немесе жылжымалы мобильді бригадалар үйде, мектептерде, балабақшаларда, балалар лагерлерінде, көрмелерде, полиция басқармаларында, Қарулы Күштер бөлімдерінде, қамау орындарында, қарттар үйлерінде, жатақханаларда, кәсіпорындарда және т.б.;
3.4 мамандандырылған шатырларда (кабинеттерде) немесе қоршаудың мобильді пункттерінде (алғашқы көмек немесе биологиялық материалды алудың мобильді пункті);
3.5 арнайы бөлінген және жабдықталған биоматериал жинау пункттерінде орындалады.
4. Экспресс тестілеу:
4.1. Симптомдары жоқ адамдарда (адам расталған жағдаймен байланыста болған жағдайларды қоспағанда);
4.2. Жағдайлар болмаған кезде немесе олар сирек кездесетін кезде;
4.3. Тест нәтижесі пациентті басқаруға және/немесе COVID-19-мен күресу шараларын қабылдауға әсер етпеген кезде;
4.4. Әуежайларда немесе шекарадан кесіп өтудің басқа пункттерінде немесе сапар алдында скрининг жүргізу кезінде (егер АГ-ДЭТ-тің барлық оң нәтижелері МАНК көмегімен расталмаса);
4.5. Қан донорлығы және жоспарлы емдеуге жатқызу алдында скининг кезінде қолданылмайды.
5. Биоматериалдың сынамаларын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құралдар мен материалдар:
5.1 экспресс-тест (компоненттер пайдаланылатын жиынтыққа байланысты ерекшеленуі мүмкін), оның ішінде ампуладағы экстракциялық буфер, үлгіні алуға арналған шыны түтікше, дозатор-қақпақ, стерильді тампондар, штатив;
5.2 секундомер
5.3 жұмыс үстелі
5.4 ашылғаннан кейін экспресс-тест 1 сағат ішінде қолданылады. Экспресс тестілеудің жалған нәтижелерін алуды болдырмау үшін диагностикалық процесті экспресс тест реагенттерінің жиынтығына арналған өндірушінің нұсқаулығына сәйкес үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығы кезінде жүргізген дұрыс.
5.5 SARS CoV2 вирусының антигендеріне иммунохроматографиялық әдіспен экспресс тестілеуге арналған реагенттер жиынтығы бөлме температурасында немесе 2-4°С тоңазытқышта сақталады (реагентті сақтау жөніндегі ұсынымдармен нұсқаулықта танысуға болады). Мұздатып қатыруға болмайды (тесттің жалған теріс нәтижелерін алуды болдырмау үшін)!!!
5.6 егер экспресс тестілеуге арналған реагенттер жиынтығы тоңазытқышта сақталған жағдайда, зерттеу алдында жинақты бөлме температурасында 1 сағат ұстау қажет.
6. Материалды алу және тестті экспресс әдіспен орындау (қолданылатын экспресс-тестке байланысты):
6.1 Биоматериалдың сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлерінің) медицина қызметкері жүзеге асырады;
6.2 Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады;
6.3 Жағындылардың үлгілері тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс, оқу, қызмет орны бойынша және т.б.) синтетикалық материалдан жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен (мысалы: полиэстер немесе дакрон) пластикалық стерженмен алынады;
6.4 Биоматериал сынамаларын әрбір алу алдында медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді, алу ЖҚҚ-да жүзеге асырылады;
6.5 Материалды алу алдында медицина қызметкері тестті орындау үшін қажетті құралдар мен материалдарды дайындайды;
6.6 Персонал бетіне мөлдір қорғаныш экранын киюі тиіс, өйткені пациенттің мұрын-жұтқыншағынан сынама алу кезінде рефлекторлық түшкіру немесе жөтел болуы мүмкін;
6.7 Үлгілерді жинау үшін шыны түтікшелерді штативке салыңыз. Сынамаларды алу үшін әрбір шыны түтікшеге экстракциялық буфер қосу (реагенттер жиынтығына нұсқаулықта көрсетілген енгізілетін буфер саны);
6.8 Жиынтықтың құрамына кіретін тампонмен ДДҰ-ның 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «SARS-CoV-2 вирусын анықтауға арналған диагностикалық тестілеу» уақытша ұсынымдарына сәйкес мұрын-жұтқыншақтан жағынды алу (тампон үлгісіндегі қан немесе артық шырыш тест өткізуге кедергі келтіруі және валидациясыз нәтижеге әкелуі мүмкін);
6.9 Үлгі бар тампонды алуға арналған шыны түтікшеге салыңыз. Антигенді босату үшін басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына тигізіп, тампонды 10 секунд бұраңыз (сынамалар бар тампондарды жинағаннан кейін мүмкіндігінше тезірек салыңыз), тампонды экстракция түтігінде 1 минут қалдырыңыз (Ескертпе: егер тез арада тестілеу мүмкін болмаса, мұрын-жұтқыншақтың жағындысын пациент туралы ақпарат, жағынды алу уақыты және тығыз жабылған таза пайдаланылмаған шыны түтікшеге салған дұрыс. Үлгіні алғаннан кейін 1 сағатқа дейін бөлме температурасында (19-24°С) сақтаңыз. Егер сынама жинау мен экспресс-тестілеу арасындағы кідіріс 1 сағаттан асса, сынама кәдеге жаратылады. Тестілеу үшін қайтадан жаңа үлгі алу керек);
6.10 Мүмкіндігінше сұйықтықты кетіру үшін тампонның басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына басып, тампонды алыңыз. Қолданғаннан кейін тампонды биологиялық қауіпті қалдықтарды жою туралы хаттамаға сәйкес тастаңыз;
6.11 Сынама алуға арналған шыны түтікшеге дозатор-қақпақты орнату;
6.12. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ҚКЖҚ-на пайдаланылған материалды орналастырады, пайдаланылған тест-жолақты және қолғапты «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ыдысқа кәдеге жаратады;
6.13. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, жұмыс беттерін (үстел, орындық немесе кушетка және т.б.) дайын дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді;
6.14. Күніне кемінде 2 рет «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды және белгіленген режимге сәйкес кварцтауды жүргізу, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдету;
6.15. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешіп, оларды «В» класының қалдықтарына арналған ыдысқа салады;
6.16. ЖҚҚ шешкеннен кейін медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес қолды жылы сумен және сабынмен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді;
6.17. Ауысым аяқталғаннан кейін «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін араластыру режимімен күрделі жинау типі бойынша үй-жайларды (автомобильді) өңдеуді және белгіленген режимге сәйкес кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетумен кварцтауды жүргізу;
6.18. Экспресс-тесттің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген персонал:
1) тестіленуші адамды хабардар етеді және оң нәтижесі бар пациент туралы медициналық ұйым басшысына немесе ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментіне 2 сағат ішінде хабарлайтын жауапты адамға хабарлайды;
2) пациентті одан әрі жүргізу тактикасы пациенттің жағдайына сәйкес жүзеге асырылады (оқшаулау жағдайларын қамтамасыз ете отырып, бейінді стационарға емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық емдеу);
3) SARS-CoV-2 вирусының таралуы төмен болған кезде жалған оң нәтижелерді болдырмау үшін ЭТ-нің барлық оң нәтижелеріне ПТР әдісімен қосымша тестілеу жүргізіледі.
6.19. Теріс нәтиже алған кезде:
1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын және жұқтыру қаупі жоғары белгілері бар адамдарда ПТР-ға биологиялық материал алу жүргізіледі және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалу ұсынылады;
2) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациентті жүргізу және хабардар ету тактикасы 6.23-тармаққа сәйкес.
ІI. ИФТ әдісімен тестілеу
1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына ұжымдық иммунитетті анықтауға серологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.
2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал – бұл қан сарысуы.
3. Биоматериалды алуды денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.
4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады.
5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтікшесі науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы.
6. Қан сарысуы бар шыны түтікше биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!
7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді тоңазытқышта 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде сақтау қажет.
8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2021 жылғы 15 қазандағы № 105 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қабатты қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.
9. Зертханаларда ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып, ИФТ (ИХЛ/АХЛ) әдісімен COVID-19 антиденелерін анықтау жүргізіледі.
10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға зерттеу нәтижелері туралы хабарлау және т.б. жүргізіледі.
11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті СЭБКД-не ұсынады.
12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер және СЭБКД-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеуді және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ны хабарлауды жүргізеді.
13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т.б.
14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.
15. CОVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау және т.б. жүргізіледі.
IІI. ПТР әдісімен тестілеу
1. CОVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:
1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:
1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;
1.2. Профилактикалық мақсатта:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес автомобиль өту жолдарымен Мемлекеттік шекара арқылы келетін ҚР азаматтары, ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар, Қазақстанға кіретін адамдар;
2) мерзімдік әскери қызметке шақырылатын адамдар (жас буын) әскери бөлімдерге келуі бойынша (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда);
3) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда);
4) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда);
5) медициналық ұйымдарда практика басталу алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері (ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын құжаттамалық растауды ұсынған адамдарды қоспағанда, сондай-ақ COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 6 ай ішінде қоспағанда).
2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.
3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.
4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.
5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.
6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар түтікшеге материал жинау жүзеге асырылуы қажет.
7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.
8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.
9. ҚР ДСМ 2021 жылғы 15 қазандағы № 105 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қабатты қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.
10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.
11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.
12. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР ДСМ-295/2020 «Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулерді өткізу сапасын сырттай бақылау ережесі» бұйрықпен бекітілген COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ССБ ережесіне сәйкес жүргізіледі.
13. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы жекелеген жағдайда SARS-Cov2 вирустың циркуляциясы төмен болғанда жалған теріс және жалған оң нәтижелерді алып тастау мақсатында СЭБКД келісімімен ПТР әдісімен үлгілерді қайта тексеру (ретестілеу) жүргізіледі және жіберілген ұйымға және аумақтық СМЭБКД-іне зерттеу нәтижесі бойынша хабарлайды.
14. Сапаны сыртқы бағалау (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін жүргізіледі.
ІV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі
1. Патогендердің генетикалық өзгергіштігін, олардың таралуы мен шығу тегін мониторингілеу үшін екінші буын секвенирлеу әдісін пайдалану диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық қарсы шаралардың тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
2. Вирустың толық геномдық секвенирлеуін жүргізетін зертханалар ведомстволық тиістілігіне қарамастан:
- COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін секвенирлеу нәтижелері туралы ҚР ДСМ хабардар етуі;
- нуклеотидтер тізбегін GISAID дерекқорына сақтау беру қажет.
3. ҚДСҰО вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертхана GISAID дерекқоры арқылы SARS CoV-2 вирусының мутациясына мониторинг жүргізуі және ҚР ДСМ-ге есеп беруі қажет.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
9-қосымша
COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулау тәртібі
І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі
1. COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.
COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:
- COVID-19-бен ауыратын науқаспен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
- COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);
- COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.
Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 3 тәулік бұрын басталуы және COVID-19-бен ауыратын науқасты оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.
2. Байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізілмейді. Ауру белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық зерттеуге және ПТР-тесттің нәтижелерін алғанға дейін үйде (үй карантині) оқшаулануға жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне COVID-19-бен ауыратын науқас туралы шұғыл хабарлама береді.
Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантин енгізудің сараланған әдісі қолданылады. 1 инкубациялық кезеңде COVID-19 топтық ауруы жағдайы тіркелген кезде 10 күнге дейін үй карантиніне оқшаулау енгізіледі:
- сыныпқа (топқа) - бір сыныптағы (топтағы) балалар арасында сынып (топ) санының 30%-дан астамында тіркелген кезде;
- ауысымға - бір ауысымдағы сыныптардың 30%-дан астамында тіркелген кезде;
- ағым - колледждерде, жоғары оқу орындарында бір ағымдағы топтардың 30%-дан астамында тіркелген кезде.
Үй карантині аяқталғаннан кейін сабаққа жіберу COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізбестен жүзеге асырылады. Білім алушыларды сабаққа жіберу үшін білім беру ұйымдарына баруға медициналық қарсы көрсетілімінің жоқ екендігі туралы дәрігердің медициналық қорытындысы талап етілмейді.
3. Симптомсыз вирус тасымалдаған кезде (ПТР оң нәтижесі анықталған сәтте клиникалық белгілері жоқ адамдар) пациент амбулаториялық жағдайларда МСАК қызметкерлерінің медициналық бақылауына жатады.
10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантині аяқталады.
Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 алдын алу шараларын (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы) сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар береді.
Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде МСАК маманы COVID-19-бен ауыратын науқас туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
Шұғыл хабарламаны қабылдаған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19 ауруын тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен шығарады, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдаушылық жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
10-қосымша
Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары
Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.
Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:
1. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.
2. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар
1. Үйден шықпау.
2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек.
3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.
4. Жеке ыдысты пайдалану қажет.
5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.
Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар
Мыналар ұсынылады:
1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау.
2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.
3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесінің дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек.
4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.
5. Күн сайын ылғалды жинау.
6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.
7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану.
8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.
9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене температурасы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыру.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 16 қаулысына
11-қосымша
COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында
инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін
өңдеу алгоритмі
1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі:
- Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);
- байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);
- жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде:
1) өздігінен жүгіну;
2) профилактикалық мақсатта скрининг жүргізу шеңберінде анықталған.
1.1 Сырттан әкелінген жағдайлардың тіркелуі:
1.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің санитариялық-карантиндік пункттерінің (бұдан әрі - СКП) мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «COVID-19 бақылау орталығы» Веб-қосымшасында немесе басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеу үшін нысанның қағаз тасығышында сауалнама жүргізіледі. Сауалнаманы толтыру жолаушылар өздігінен, немесе СКП мамандарының көмегімен толтырады.
1.1.2. Басқа елдерден/өңірлерден келген жолаушыларды тіркеу үшін сауалнаманы толтырудан бас тарту ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.
1.1.3. Басқа елдерден келген жолаушыларды тіркеуге арналған сауалнаманы жолаушылар қағаз тасығышта толтырған кезде рейстер/поездар/автомобильдер келгеннен кейін бес сағаттың ішінде мәліметтерді COVID-19 Веб-қосымшасына көшіреді.
1.1.4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің (бұдан әрі - АД) мамандары өңірдегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, атап айтқанда: 1 (1А, 1Б), 2, 4-кестелерге сәйкес деректер жиынтығын жүргізеді, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдар туралы 12 (он екі) сағаттың ішінде, инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адамдар туралы 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде COVID-19 Веб-қосымшасына деректерді енгізеді.
1.1.5. Республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының (бұдан әрі - ҚДСБ) мамандары № 3 кестеге сәйкес байланыста болған адамдарды медициналық бақылауы қажет. ҚДСБ-ның мамандары 1 (1А, 1Б) және 4-кестелерге сәйкес АД-ге инфекция жұқтырған адамдар туралы барлық деректерді ұсынуы қажет.
1.2. Байланыста болу жағдайларын тіркеу:
1.2.1. Диагностикалық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін және байланыста болған адамдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілгеннен кейін инфекция жұқтырған адам анықталған жағдайда инфекция жұқтырған және байланыста болған адамдар туралы деректер осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына «пациентті енгізу» бөліміне енгізіледі.
1.3. Жергілікті (өздігінен жүгіну және профилактикалық скрининг кезінде анықталған) жағдайлар:
1.3.1. АД-ның мамандары ҚДСБ-нан COVID-19-ға күдікті пациенттің жүгінгені туралы шұғыл хабарлама алған жағдайда осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес ақпарат қалыптастырады.
1.4. Жақын байланыста болуды тіркеу.
1.4.1. Сырттан әкелінген жағдайда жақын байланыс осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес анықталады, тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.
2. ҚДСБ және (немесе) МСАК ұйымдарының мамандары денсаулық жағдайын қашықтан мониторингілеу мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтары үшін мобильді қосымша орнату бойынша нұсқама жүргізеді және белгіленген кезеңділікпен өзінің хал-жағдайы туралы мәліметтерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар үшін қашықтан мониторингілеу ҚДСБ мамандарының қоңырау шалу және қажетті мәліметтерді толтыруы жолымен жүргізіледі. Қашықтан мониторингілеу нәтижесінде алынған мәліметтер осы қосымшаның 1.1.5-тармағына сәйкес АД-ге беруге жатады.
2.1. Тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ үй карантиніндегі медициналық бақылаудағы адамдар қашықтан мониторингілеу үшін өзінің хал-жағдайы туралы мобильді қосымшаға қажетті кезеңділікпен мәліметтерді енгізуге міндетті. Бас тарту немесе өз хал-жайы туралы мәліметтерді уақтылы енгізбеу ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.
2.2. Медициналық ақпараттық жүйе қашықтан медициналық бақылау нәтижелерін COVID-19 Веб-қосымшасында жаңартылғаннан кейін автоматты түрде интеграцияланады.
3. АД-ның мамандары COVID-19-ға зертханалық зерттеудің оң нәтижесі туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес COVID-19 Веб-қосымшасына пациент туралы деректерді енгізеді.
4. COVID-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар осы қаулыға 7-қосымшада бекітілген жолдамаға сәйкес COVID-19-ға оң нәтижесі бар адамдар туралы ақпарат беруге тиіс.
5. АД-ның мамандары COVID-19-да оң нәтиже туралы зертханалық зерттеу хаттамасын алғаннан кейін пациенттен осы пациент бойынша эпидемиологиялық анамнез жинайды және COVID-19 Веб-қосымшасына енгізеді.
6. АД-ның мамандары CОVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған адамдар шеңберін анықтағаннан кейін карантиндік іс-шараларды жүргізу үшін осы адамдар туралы мәліметтерді ҚДСБ-ға жібереді.
7. АД-ның мамандары COVID-19 Веб-қосымшасына стационарлық немесе үй карантинінің аяқталғаны туралы ақпаратты енгізеді.
8. АД-ның мамандары осы қосымшаның 1.1.4-тармағына сәйкес CОVID-19 Веб-қосымшасына CОVID-19 жағдайының соңы (сауығу/өлім) туралы ақпаратты енгізеді.
1-кесте
COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі
COVID-19 жағдайының ТАӘ__________________________________________________
оның сәйкестендіру нөмірі его _____________________
ЖСН ______________________________
Диагноз қойылған күн_____________________
Бірінші симптомдар пайда болған күн (егер бар болған болса) ______________________
1А-кесте
№ |
Байланыста болған адамның сәйкестендіру нөмірі |
Байланыста болған адамның ТАӘ |
Жынысы |
туған күні, айы, жылы |
ЖСН |
Үй мекенжайы |
Ұялы телефон |
Байланыс болған орын - үйде - ауруханада - жұмыста - саяхат тобы - басқа көрсетіңіз |
Байланыс болған орын (мекенжайы) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«COVID-19 жағдайымен байланыста болған адамдардың тізімі» кестесіне қосымша
1Б-кесте
№ |
Байланыс болған күн және байланыс болған уақыт |
COVID-19-бен ауыратын науқаспен қарым-қатынас - отбасы мүшесі - дос - медицина қызметкері - әріптес - басқа _____ |
Байланыста болған адаммен байланыс: - жұмыста - телефон арқылы - басқа анықталды, (деректерді ұсынудан жалтарады және т.б. нақтылау) |
Байланыста болған адамды зертханалық тексеру - тексерілді (тексерілген күнін көрсету), - тексерілген жоқ |
Тексеру нәтижесі/ нәтижені берген күні |
Байланыста болған адамды бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым |
|
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-кесте
Келесі медициналық бақылау үшін байланыста болған адамдардың деректерін беру нысаны
Жауапты эпидемиологтың ТАӘ және жұмыс орны ________________________________
Бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым ___________________________
Жеткізу күні мен уақыты ________________________________________
№ |
ТАӘ |
Жынысы |
Туған күні, айы, жылы |
ЖСН |
Үй мекенжайы |
Ұялы телефон |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
3-кесте
COVID-19 науқастың байланысын бақылау түрі Деректерді жинады: 1. Тегі Аты Әкесінің (егер бар болса) _______________________________________ 2. Лауазымы: ____________________________ 3. Жұмыс орны (ұйымның атауы, мекенжайы): _____________ ________________________________________ 5. Ұялы телефон: _____________________________________ 6. Электрондық почта: ______________________________________ |
Байланыста болған адамның деректері 1. Тегі Аты Әкесінің (егер бар болса) ________________________________________ 2. Жынысы ______________________________ 3. Туған күні, айы, жылы ________________________________________ 4. ЖСН _________________________________ 5. Үй мекенжайы (карантин орны): ____________________________________ 7. Электрондық почта: _____________________________________ |
Бақылау қадағалау күнделігі (аурудың симптомдарын көрсету)
Күндер |
Таңертең |
Кешке |
Күндер |
Таңертең |
Кешке |
Бірінші күн «___» _______ |
|
|
Бесінші күн «___» _______ |
|
|
Екінші күн «___» _______ |
|
|
Алтыншы күн «___» _______ |
|
|
Үшінші күн «___» _______ |
|
|
Жетінші күн «___» _______ |
|
|
Төртінші күн «___» _______ |
|
|
Сегізінші күн «___» _______ |
|
|
4-кесте
COVID-19 жағдайын тіркеу журналы
№ р/н |
Жағдайдың бірыңғай Идентификаторы |
Кластердің /өңірдің нөмірі |
Тегі Аты Әкесінің аты |
Жынысы |
Туған күні, айы,жылы, жасы (жас, ай) |
Тұрғылықты мекенжайы |
Азаматтығы |
ЖСН |
Жұмыс орны, лауазымы |
Байланыс (ұялы және үй) телефоны |
Емдеуге жатқызу орны |
Жағдайдың мәртебесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
0 расталған 0 мүмкін болатын 0 күдікті |
Кестенің жалғасы
№ р/н |
Ауырған күні |
Бірінші симптомның пайда болғаны |
Симптомның болуы (жөтел, температура, тамақтың ауыруы және т.б.) |
Зертханалық тестілеу |
Пневмония (рентгенде немесе КТ) |
Ағымдық мәртебе: |
Эпидемиологиялық анамнез |
Пациенттің мәртебесі (сырттан әкелінген, өздігінен жүгіну, байланыста болған, профскрининг) |
Жауапты маманның ТАӘ |
Қосымша мәліметтер/ Ескертпелер |
|
Респираторлық үлгілерді жинау күні |
Зерттеу нәтижесі |
||||||||||
1 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
|
|
|
|
|
|
|
0 Тірі 0 Қайтыс болған |
|
|
|
|